+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Оралда коронавирустан көз жұмған ер адам Теңіз кен орнында жұмыс істеген

2020 жылғы 1 маусым 00:46
Бөлісіңіз:
Оралда коронавирустан көз жұмған ер адам Теңіз кен орнында жұмыс істеген

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда коронавирустан қайтыс болған ер адам Теңіз кен орнында вахталық әдіспен жұмыс істеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Індет кезінде әр адам денсаулығын, аман қалуын ойлауы тиіс - Ирина Терентьева Бiздi тек ɵз жауапкершiлiгiмiз ғана сақтап қалады - Жайнагүл Құсайынова Алматыда коронавируспен күреске 12,2 млрд теңге бөлінген

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, 1967 жылғы ер адам – Орал қаласының тұрғыны.

Ол 3 мамыр күні Оралға автобуспен келген. Блокпостан карантиндік стационарға жатқызылып, Covid-19-ға алынған сынама теріс нәтиже көрсеткен.

Эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, қарым-қатынаста болған адам ретінде провизорлық стационарға ауыстырылған. 9 мамыр күні алынған сынама да теріс нәтиже көрсеткеннен кейін үй карантиніне жіберілген. 10 мамырдан бастап медицина қызметкерлерінің бақылауында болған. 10 мамырдан бастап тамағы жыбырлап, әлсіздік пайда болып, тәбеті төмендеген. Алайда содан кейінгі тоғыз күн бойы көмекке жүгінбеген, медицина қызметкерлері күн сайын қоңырау шалған кезде денсаулығына шағымданбаған.

19 мамыр күні денсаулығы нашарлап, жүргенде демі жетпей, халі әлсіреген, төсегінен тұра алмаған. Жедел жәрдем бригадасымен провизорлық стационарға жеткізіліп, сынама алынған уақытта коронавирус табылды.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында кезекші дәрігер қарағаннан кейін демалысы қиындағандықтан, бірден жансақтау бөліміне жатқызылған.

Жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда болған науқастың 30 мамыр күні жүрегі соғуын тоқтатты.

Бұл дерек коронавирус дертінің қауіпті екендігін, егер дер кезінде дәрігер көмегіне жүгінген кезде өлімнің алдын алып, науқастың жазылып кетуіне мүмкіндігі болғандығын көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 1200-ден астам адамның үй карантинінде жатқанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT