+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Оралда коронавирус жұқтырған адам тіркелді деген жалған хабар тарады

2020 жылғы 25 наурыз 15:51
Бөлісіңіз:
Оралда коронавирус жұқтырған адам тіркелді деген жалған хабар тарады

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда коронавирус жұқтырған адам тіркелді деген жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Министрлік: Түнде аспаннан зиянды зат шашылады деген ақпарат - жалған 30 маусымнан бастап карантин күшейетіні туралы ақпарат - жалған СІМ: Анталияда 55 қазақстандық КВИ жұқтырды деген ақпарат - жалған

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен түскен мәліметке қарағанда, WhatsАpp желісінде тараған аудиожазбада қалаға қарасты Желаев кентінің тұрғынынан коронавирус анықталып, ауруханаға түскендігі айтылған.

Бұл – жалған ақпарат. Қазіргі таңда коронавирусқа қолайсыз елдерден келген 19 адам тұрақты бақылануда.

Өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты, коронавирус жұқтырғандар жоқ.

«Азаматтарға тек ресми мәліметке сену керектігін, ал жалған ақпарат таратқандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 148 адамның медициналық бақылауға алынғанын және төтенше жағдай талабын бұзған 8 мейрамхана иесінің қамауға алынғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT