+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Оралда коронавирус туралы жалған хабар таратқан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

2020 жылғы 26 наурыз 15:25
Бөлісіңіз:
Оралда коронавирус туралы жалған хабар таратқан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда коронавирус тіркелді деп, жалған хабар таратқан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодар облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, жүргізушілері мерт болды Қазақстанда 23 қараша күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы Австралияда акула шабуылдаған ер адам мерт болды

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі, полиция полковнигі Болатбек Белгібековтің айтуынша, аталған тұрғын WhatsАpp әлеуметтік желісі арқылы аудиожазбамен коронавирусқа қатысты жалған хабар таратқан.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 274-бабы 4-бөлігі 2-тармақшасына сәйкес (көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адамға қатаң жаза қолданылады. Яғни төтенше жағдай кезінде немесе ұрыс жағдайында сондай-ақ соғыс уақытында не жария іс-шаралар өткізу кезінде жасалған іс-әрекеттер үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Басқа балама жаза қарастырылмаған», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда коронавирус жұқтырған адам тіркелді деген жалған хабар тарағанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT