Оралда коронавирус анықталды - фейк

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда коронавирус туралы жалған хабар таратқан әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі, полиция полковнигі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, кеше жедел іздестіру шаралары барысында 1986 жылғы қала тұрғыны анықталып, қолға түсті.

Әйел БҚО полиция департаментінің тергеу басқармасына жеткізілді. Ол «Орал коронавирус анықталды, түнде қала маңындағы Желаев кентінде әйел ауруханаға түсті» деп жалған хабар таратқан болатын.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 274-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес тергеу амалдары жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда коронавирус туралы жалған хабар таратқан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар