Оралда көпқабатты үйдің тұрғындары шұғыл эвакуацияланды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында қаңтардың 21-інен 22-сіне қараған түні көпқабатты үйлердің бірінен тұрғындар шұғыл түрде эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, С.Жақсығұлов көшесі 33-үйдің тұрғындарын түнгі сағат 00.15-те оятып, киім-кешек пен өзге де заттарға уақыт жоғалтпастан дереу сыртқа шығу бұйырылған.

Ұйқылы-ояу халық шұғыл далаға асыққан. Кейбірі жарылғыш зат туралы қоңыраудың түскенін айтып жатты.

Көпқабатты үйге полиция жасақтары, құтқарушылар, өртке қарсы қызметтер мен жедел жәрдем бригадалары жұмылдырылды.

Ресми ақпарат әлі таратылған жоқ. Эвакуацияланған адамдар пәтерлеріне қайта оралды. 

Соңғы жаңалықтар