Оралда көпқабатты үйдің ауласында көршілер жаппай төбелескен

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда көпқабатты үйдің ауласында көршілер жаппай төбелескен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, 25 мамыр күні сағат 22.00-де 102 телефонына көпқабатты үйдің ауласында көршілер арасында жанжал туындап жатқаны жөнінде хабар түскен.

«Патрульдік жасақ оқиға орнына келгеннен кейін жанжалға қатысушылардың құқыққа қайшы іс-әрекеттері тыйылды. Алдын ала мәлімет бойынша бірнеше адамның дене жарақатын алғаны белгілі болды. Алдымен балалар өзара сөзге келген. Содан кейін ата-аналар кірісіп, ұрыс-керіс жұдырық жұмсауға ұласқан. Жанжалға қатысушылар мен куәгерлер сұралуда. Толық ақпарат кейін берілетін болады», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда мектеп түлегі суға кеткенін жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар