Оралда көпқабатты үйде өрт шығып, 40-қа жуық адам эвакуацияланды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда көпқабатты үйде өрт шығып, 40-қа жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 5 маусым күні сағат 03.49-да Ружейников көшесі 9-мекенжайда орналасқан бес қабатты үйде болды.

Екінші қабаттағы №35, №38, №39 пәтерлер жанды.

Оқиға орнынан ТЖ департаментінің күшімен 5 адам құтқарылды. Оған қоса 39 адам эвакуацияланса, соның 19-ы – бала. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

«Тілсіз жау» сағат 05.10-да толықтай ауыздықталды. Оны сөндіруге 35 қызметкер 12 техника жұмылдырылды.


Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда мас күйінде суға түскен әйелдің құтқарылғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар