Оралда көпірден секірмек болған қызды жолай өтіп бара жатқан ер адам құтқарып қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда көпірден секірмек болған 19 жастағы қызды ер адам құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 29 сәуір күні Теректі ауданы Подстепный ауылына барар жолдағы Жайық өзенінен өтетін көпірде орын алған.

19 жастағы қыз көпірден секірмек болған. Абырой болғанда, сол тұстан өтіп бара жатқан ер адам оны құтқарып қалған. Содан кейін полиция қызметкерлерін шақырған. Қыздың ата-анасы да келген.

Қазіргі кезде қыздың неліктен мұндай қадамға барғаны, оны құтқарып қалған адамның кім екені анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар