Оралда көп қабатты үй жертөлесінен жарылғыш зат табылды

None
None
ОРАЛ. 12 сәуір. ҚазАқпарат - 11 сәуір күні сағат 22.10-да ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаменті кезекшілеріне Орал қаласының 35 жасар тұрғынынан хабар түскен.

Оның айтуынша, Әбубәкір Кердері көшесіндегі №122 үйдің  5-ші подъезінің жертөлесінен қолдан жасалған белгісіз жарылғыш зат табылған. 

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, БҚО ІІД «Арлан» арнайы мақсаттағы жауынгерлерінің көмегімен алдын ала тексеру барысында табылған заттың ұзындығы 50 см, «учебная» деген жазуы бар танкіге қарсы қол гранататқышы болып шықты. Хабар түскен бойда оқиға орнына тиісті қызметтер жеткен. Орал қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлерімен аталған үйдің 4 және 5 подъездерінің 50 тұрғыны сыртқа шығарылды. Жол полициясы басқармасының қызметкерлері  жүру жолдарын жауып, барлық сақтық шараларын қамтамасыз етті. Кейін кешкі сағат 23.10-да «Арлан» жауынгерлерінің көмегімен  гранататқыш Бортау ауданында жарылып, жойылды.   

Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар