Оралда контейнерден табылған ер адам мүрдесі бойынша күдікті қолға түсті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда контейнерден табылған ер адам мүрдесі бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 9 сәуір күні сағат шамамен 08.45-те «Шебер» базары маңында зорлық белгілерімен өлтірілген ер адам мүрдесі табылған еді.

Орал қалалық ішкі істер басқармасы Абай полиция бөлімі қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында М. деген күдікті анықталып, қолға түсті.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, Оралда контейнерден ер адамның мүрдесі табылғаны жөнінде бұдан бұрын хабарланған болатын.


фото:sp-info.ru

 
Соңғы жаңалықтар