Оралда Конституция күніне орай Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық жазғы спартакиадасы мәреге жетті

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында Конституция күніне орай ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық жазғы спартакиадасы мәреге жетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Аталмыш жарысқа Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарынан төтенше жағдайлар департаменттері құрылымдарының құрама командалары қатысып, спорттың бірнеше түрінен сынға түсті. Барлығы 120 адам қатысқан бәсекеде жалпыкомандалық есепте Батыс Қазақстан облысы жеңімпаз атанса, Ақтөбе - екінші, Атырау үшінші орынды еншіледі. Жекелеген спорт түрінен волейболдан ақтөбеліктер жеңіске жетсе, шағын футболдан БҚО алда болды. Сатымен өрмелеуден батысқазақстандық Сергей Котов биіктен көрінді. Жеңіл атлетикадан 100 метр қашықтыққа жүгіруде батысқазақстандық Андрей Донсков озып шықса, 100 метрлік эстафеталық сында ақтөбеліктер мәреге бірінші келді. 400 метрлік қашықтықта атыраулық Таһир Қылышев, 1000 метрлікте жас ерекшеліктеріне қарай оралдықтар Андрей Донсков пен Андрей Богдашкин ешкімге дес берген жоқ. Кір тасын көтеруден 70, 80 және 90 килә салмақта батысқазақстандықтар Альберт Қайырбаев, Айбек Шүкенбаев, Жомарт Төлеуішевтер үздік нәтиже көрсетті.

Төтенше жағдай қызметкерлерінің спорттық шеберлігін арттыру мақсатында өткізілген жарыс жеңімпаздары енді республикалық спартакиадаға дайындалатын болады.

Соңғы жаңалықтар