Оралда Конституция күніне орай ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Тамыздың 26-сында М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы - қоғам дамуының тұрақтылығы мен негізі» деген тақырыпта облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен қатысқан жиында аталмыш университет ректоры, тарих ғылымдарының докторы, академик Тұяқбай Рысбеков Қазақстан экономикасының жедел дамып, зайырлы, құқықты, әлеуметтік мемлекет болып қалыптасуында Ата заңның алар орны айрықша екендігін атап көрсетті. Облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Мұратқали Төрегелдиев өңірде Конституция күніне орай жоспарлы шаралар атқарылып жатқанына тоқталды. Бұдан кейін Ата заңға қатысты өзекті мәселелер жөнінде ғалымдар өз пікірлерін ортаға салды.

Конференция секциялық отырыстарға жалғасты.

Соңғы жаңалықтар