Оралда Конституция күніне орай футболдан жарыс ұйымдастырылды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы №5517 әскери бөлімінде Конституция күніне орай футболдан арнайы жарыс өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр Отан» ХДП БҚО филиалының «Жас Отан» жастар қанаты мен аталмыш әскери бөлім бірлесіп ұйымдастырған жарысқа барлығы сегіз команда қатысты. Турнир қорытындысында жедел мақсаттағы атқыштар ротасы бірінші орынды иеленді. Жекелеген ойыншылардан Асхат Қожахметов пен Дәурен Тілеубаев ерекше көзге түсті. Жеңімпаздар тамыздың 28-інде Конституция күніне орай өтетін салтанатты шарада марапатталатын болады.

Соңғы жаңалықтар