Оралда Конституция күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Төтенше жағдайлар департаментінде Конституция күні қарсаңында Ата заң мәселелеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онда Ата заңымыздың еліміз өміріндегі орны өлшеусіз екендігі, басқа заңдардың бәрі содан бастау алатыны атап көрсетілді. Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары Қуанышбай Төлебаев Қазақстанда түрлі ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп жатқаны осы Конституцияның арқасы екенін айтты. Дөңгелек үстел отырысына сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы, облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдері, төтенше жағдайлар департаментіне қарасты құрылымдар басшылары қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Олар, әсіресе, биыл Конституция күнінің бұрынғыдан да кең көлемде атап өтілетінін, тұңғыш рет әскери шеру болатынын ризашылық сезіммен құптады.

Соңғы жаңалықтар