Оралда Конституция күніне орай дөңгелек үстел отырысы болды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Жайық Пресс» ЖШС-ның баспасөз залында Конституция күніне арналған дөңгелек үстел отырысы болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы ұйымдастырған жиынға ұлттық-мәдени орталықтар жетекшілері, мемлекеттік органдар өкілдері қатысты. Ассамблея хатшылығының басшысы Қуанышбай Төлебаев Ата заңның саяси, әлеуметтік және қоғамдық маңызы зор екендігін, соның аясында елімізде сан түрлі ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп отырғандығын атап өтті. Облыс прокурорының аға көмекшісі Нұрлан Сейтқалиев заңның орындалуын қадағалайтын орган ретінде прокуратураның азаматтардың құқығын қорғауда атқарып отырған жұмыстарына тоқталса, облыстық әділет департаментінің бөлім бастығы Болат Жангереев Қазақстан Конституциясының еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуындағы орны ерекше екендігіне нақты мысалдар келтірді. «Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры Болат Жексенғалиев тіл саясаты жөнінен кеңінен баяндаса, облыстық кәрістер қауымдастығы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Георгий Ким мен орыс мәдениеті орталығының жетекшісі Сергей Погодин қазақтың бауырмал халық екендігін атап өтіп, елімізде ұлтаралық келісім мен ынтымақтың қалыптасып отырғанына ризашылықтарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар