Оралда «Конституция - Қазақстанның өркендеу кепілі» деген тақырыпта саяси клуб отырысы өткізілді

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасында «Конституция - Қазақстанның өркендеу кепілі» деген тақырыпта саяси клуб отырысы өткізілді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түрлі саяси партия өкілдері, қоғамдық бірлестіктер жетекшілері, мемлекеттік қызметкерлер қатысқан жиында «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары Абат Шыныбеков Ата заңның ел азаматтарының құқығы мен бостандығын, мүддесін қорғауда маңызы ерекше екенін айтып, бас құжаттың қабылдану кезеңіне шолу жасады.

Жиынға қатысқандар Ата заң төңірегінде пікір алмасып, қазіргідей уақытта ел бірлігін сақтай білудің маңызы зор екендігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар