USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Оралда көлік қағып кеткен 19 жастағы жігіт көз жұмды

2021 жылғы 24 қараша 19:52
Бөлісіңіз:
Оралда көлік қағып кеткен 19 жастағы жігіт көз жұмды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында автокөлік қағып кеткен 19 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада автокөлік жол белгісіне соғылып, аударылды Алматы облысында көлік апатын жасаған полиция қызметкері қамауға алынды Үндістанда көлік көпірден құлап, жеті студент қаза тапты

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 24 қараша күні шамамен сағат 11.15-те С.Тюленин көшесінде болды.

«ГАЗель» автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі белгіленбеген жерден жолдан өтіп бара жатқан 2002 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Соның салдарынан жас жігіт оқиға орнында қайтыс болды.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда темір жолдан белгіленбеген жерден өткені үшін 23 мыңнан астам адамның жауапкершілікке тартылғанын жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT