Оралда қолдан жасалған ұшу аппараты құлады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда қолдан жасалған ұшу аппараты құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 28 тамыз күні сағат 08.30-да 2-саяжай «Казинское» саяжай қоғамы маңында орын алды.

Оқиға орнында ұшақ иесі, 1951 жылғы азамат қаза тапты.

Қазіргі кезде келеңсіз жағдайдың жай-жапсары анықталу үстінде.


Соңғы жаңалықтар