Оралда қоқыс жәшігінің жанынан өлі табылған шақалақтың анасы ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда қоқыс контейнерінің жанынан өлі табылған нәрестенің анасы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 6 қазан күні таңертең Құрманғазы көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында қоқыс контейнерінің жанынан қара түсті сөмке табылған. Оның ішіндегі целлофан пакетте жаңа туған шақалақтың өлі денесі болған.

Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Орал қаласының 1988 жылғы тұрғынын анықтап, ұстады. Оқиға орнынан сөмке, жамылғы, 2 пакет, 2 есік кілті, домофон кілті табылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 100-бабына сәйкес (жаңа туған баланы анасының өлтіруі) тергеу амалдары жүргізілуде.

Анықталғандай, әйелдің бұдан басқа төрт баласы бар. Шақалақтың қалай өлгені сараптама қорытындысына сәйкес анықталатын болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда қоқыс контейнерінен шақалақтың мүрдесі табылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар