Оралда қоқыс контейнерінен шақалақтың мүрдесі табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда қоқыс контейнерінен шақалақтың мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баланың денесі бүгін сағат 10.00 шамасында Әбубәкір Кердері көшесі бойындағы көпқабатты үйдің ауласынан табылған.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, шала туған шақалақ өлі болған.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жүргізді.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, ақпараттың прокуратураның келісімен ертең берілетінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар