Оралда көктайғақтың салдарынан 55 адам жарақат алды

None
None
  ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда қыстың алғашқы күндері көктайғақтың әсерінен 55 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, қалада көктайғақтың болуы осындай оқиғалардың жиілеуіне әсер етуде.

«Осыншама адам 1-3 желтоқсан аралығында түрлі жарақатпен қалалық және облыстық ауруханалардың жарақат пункттеріне жолықты. Оған қоса екі адамның үсіктің жеңіл түріне шалдыққаны анықталды», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.

Айта кетейік, қалада өткен аптада қар мол түсіп, әуелі еріді. Содан кейін күн күрт суытып, қайта қатырып тастады. Соның салдарынан көктайғақ орын алды.

Соңғы жаңалықтар