Оралда кісі өлтірген күдікті іздестіріліп жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында кісі өлтірген күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 2 қыркүйек күні сағат 23.45-те С.Тюленин көшесі бойында болды.

Белгісіз адам 1989 жылғы тұрғынға пышақ жарақатын салған. Соның салдарынан ер адам оқиға орнында жедел жәрдем келгенге дейін қаза тапты.

«Қазіргі кезде жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Басқа мәлімет тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Марқұмның туысқандарының сөзіне қарағанда, оның соңында әйелі, төрт баласы қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ток соққан 36 жастағы ер адамның мерт болғанын жазған едік.




Соңғы жаңалықтар