Оралда кісі өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда кісі өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 13 қыркүйек күні Мұхит көшесі бойынан таңғы мезгілде ер адамның мүрдесі табылған болатын.

Орал қалалық ішкі істер басқармасының Абай полиция бөлімімен ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес (қасақанаауыр дене жарақатын келтіру) қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі кезде полиция қызметкерлері жедел тергеу шараларын жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.

Еске сала кетейік, кеше қалада таңертең жігіттің мүрдесі табылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар