Оралда «Қазіргі заман қаһармандарына» құрмет көрсетілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Қазіргі заман қаһарманы» атты алтыншы республикалық шара қорытындыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шарада еліміз өңірлерінен келген, адамдарды құтқару кезінде ерлік көрсеткен тәртіп сақшыларына құрмет көрсетілді.

«Қазіргі заман қаһармандары» сахна төріне құрметпен шақырылып, олардың ерлік істері жария етілді. Әрқайсысына ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың алғысхаттары мен арнайы мүсіншелер табыс етілді.

ҚР ІІМ Кадр жұмысы департаментінің басқарма бастығы, полиция полковнигі Мұрат Жақыпбековтің айтуынша, аталмыш шара бірінші рет 2003 жылы Халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігін құрметтеу мақсатында туған жері Жамбыл облысында өткізілді.
null 

Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы аясында бейбіт күнде ерлік жасаған тәртіп сақшыларының батырлығын кеңінен паш ету үшін жыл сайынғы шара өткен жылы Атырау облысында ұйымдастырылса, биыл Батыс Қазақстанда жалғасын тапты. Бірнеше күнге созылған шара барысында «Қазіргі заман қаһармандары» өңір аудандарында да болды.

«Елбасымыз биылғы 5 қазандағы Жолдауында ішкі істер органдары қызметкерлерінің қылмыспен күресте алдыңғы шепте жүретінін, көбіне өз басын қатерге тігіп, азаматтарды қорғайтынын атап көрсеткен болатын. Соның жарқын мысалын «Қазіргі заман қаһармандарының» өмірінен анық көруге болады. Мемлекет басшысы аталмыш Жолдауында полиция жұмысын түбегейлі жақсарту бағытында тапсырмалар бергені мәлім. Осыған орай «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы» жасалып, тиісті жұмыстар жасалатын болады. Тәртіп сақшылары сол биік мақсат-міндет үдесінен шығу үшін  алдағы уақытта да тынбай еңбек ете береді», - деді М.Жақыпбеков.

Оның сөзіне қарағанда, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қызмет бабында 780 полиция қызметкері ерлікпен қаза тапса, соның жетеуі Батыс Қазақстан облысынан. Олардың есімдерін де ұмытпай, қастерлеу, кейінгі ұрпаққа үлгі ету - ортақ парыз. 

null 

Соңғы жаңалықтар