+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Оралда «Қазақтың Қадыры» атты жыр мүшәйрасы мәреге жетті

2020 жылғы 26 қыркүйек 18:28
Бөлісіңіз:
Оралда «Қазақтың Қадыры» атты жыр мүшәйрасы мәреге жетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадыр Мырза Әлидің 85 жылдығына арналған «Қазақтың Қадыры» атты облыстық жыр мүшәйрасы мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда жазушы Рахымжан Отарбаев атындағы сыйлықтың жеңімпаздары анықталды Сәбит Мұқановтың біз білмейтін қырлары көп - академик Зарқын Тайшыбай Алматыда жазушы Жұмабай Шаштайұлының «Қызыл қар» романының тұсауы кесілді

Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы ұйымдастырған жастардың өлең бәйгесіне барлығы 36 үміткер қатысып, бақ сынады.

Қазылар алқасының шешімімен оралдық Айбол Исламғали бас жүлдені (100 мың теңге) жеңіп алды.

Жеңімпазға жүлдені ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет тапсырды.

Сондай-ақ тағы бір жас талант, жаңақалалық Мәрлен Ғилымхан бірінші орынға көтерілді.

Бөрлілік Мейрамбек Сыдық екінші, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің І курс студенті Әділ Ахметов пен сырымдық Бауыржан Ширмединұлы үшінші орынға ие болды.

Арнайы екі сыйлық жаңақалалық Ернар Жақсыбаев пен ақжайықтық Абылайхан Мақсұтовқа бұйырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT