Оралда Қазақстан халқының тілдері күніне орай үздіктер марапатталды

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Қазақстан халқының тілдері күніне орай жасалған жұмыстар қорытындыланып, ерекше көзге түскендер марапатталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік тілді орнықтыруға аталмыш университет оқытушылары мен студенттері де үлес қосып келеді. Олардың алды түрлі байқауларда оқу орнының намысын абыроймен қорғап жүр. Мәселен, облыстық мәнерлеп оқу сайысында Табылды Әленов пен Олжас Айтжанов жүлдегер атанса, «Тілдарын» байқауынан Әйгерім Жарылқасын да құр қол қайтқан жоқ. Ал тіл саясаты мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысына Қуанышкүл Тұрсынбаева белсене қатысса, өзге ұлт жастары арасында мемлекеттік тілді білу жағынан Лариса Латникова мен Альфия Мазгутова алдан көрінді. Осы жастар дипломдармен, ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар