Оралда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ағаш отырғызылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ағаш отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағаш отырғызу» іс-шарасы аясында Достық үйінің алдында БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 түп терек егілді.

Бұл бастаманы облыстық ассамблея мүшелері қолдап, Орал қаласы мен аудандарда жасыл желекті көбейту бағытындағы іс-шаралар жалғасын табатын болады.

Рәсімге қатысқан облыс әкімі, БҚО ҚХА төрағасы Ғали Есқалиев «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген халық мақалының өміршең екендігін атап көрсетті.

«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі бар ел озады» деп бабаларымыз тегін айтпаған. Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Ақ Жайық тұрғындары тұрақтылық пен татулықты бекітіп, елдікті нығайтатын іс-шараларға белсене қатысуда», деді өңір басшысы.


Сондай-ақ бұл күні «30 игі іс» республикалық марафоны аясында БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктері мен құрылымдық бөлімшелерінің, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы және еріктілердің атсалысуымен «Қайырымдылық керуені» жол тартты. Атап айтқанда, 50 мұқтаж отбасына азық-түлік себеттері үлестірілді.


Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өңірде аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға 348 750 теңгенің көмегі көрсетілді.


Соңғы жаңалықтар