Оралда қатты аяз: 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда қатты аязға байланысты бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО гидрометеорология орталығының мәліметі бойынша, жергілікті сағат 07.00-де температура тілі 27 градус аязды көрсетті.

Желдің жылдамдығы – секундына 2 метр.

Еске сала кетейік, 24 ақпан күні Оралда 1-ауысымдағы бастауыш сыныптар мектепке бармаған болатын.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін ауа райына байланысты Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Көкшетау, Атырау қалаларында және Солтүстік Қазақстан облысында бірінші ауысымдағы оқулар онлайн форматқа ауыстырылды.

Синоптиктер 25-27 ақпан аралығында еліміздің басым бөлігінде аяздар сақталатынын ескертті. Сондай-ақ жекелеген өңірде қар жауып, боран соғатыны айтылды.



Соңғы жаңалықтар