Оралда қатардағы жауынгер өзін атып тастады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда қатардағы жауынгер өзіне қарудан оқ атып, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 16 маусым күні шамамен таңғы сағат 05.30-да болды.

Ақтөбе қаласынан шақырылған 5517-әскери бөлімінің мерзімді қызмет әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Қ. қарауылда қызмет атқару кезінде бекітілген қарудан иегіне оқ атып, өзін-өзі жаралады.

Жедел жәрдем бригадасымен әскери қызметші ауруханаға жеткізілді. Медицина қызметкерлері шұғыл қолданған шараларға қарамастан, қатардағы жауынгерді аман алып қалу мүмкін болмады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы марқұмның тума-туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, 2000 жылғы әскери қызметші иек тұсынан оқ жарақатын алып, облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне түскен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда көлікпен соқтығысқан мотоциклдің 15 жастағы жүргізушісі мерт болғанын жазған едік.



Соңғы жаңалықтар