+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Оралда кәсіпкер облыстық ауруханаға оттегі концентраторын тарту етті

2020 жылғы 8 шілде 04:00
Бөлісіңіз:
Оралда кәсіпкер облыстық ауруханаға оттегі концентраторын тарту етті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралдық кәсіпкер Қанат Жанғазиев облыстық көпбейінді ауруханаға оттегі концентраторын тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда өткен тәулікте пневмониядан 5 адам қайтыс болды Қазақстанда осы уақытта 3690 адам коронавирустан емделіп жатыр Қазақстанда өткен тәулікте 55 адам коронавирустан жазылып шықты

«Давид Строй» ЖШС директоры Қанат Жанғазиев құны 2 млн астам теңгені құрайтын 3 тыныс алу аппаратын алып берді.

Облыстық аурухана директоры Арман Байдеуов қазіргідей күрделі кезеңде қолұшын созып жатқан жандарға ризашылығын білдіріп, оттегі концентраторларының емдеу мекемесінің №1, №3 және №8 корпустарына орналастырылатынын жеткізді. Мұнда провизорлық стационарға күніне жиырмадан астам науқас түседі. Енді дәрігерлер емделушілерге оттегі концентраторының көмегімен уақтылы жәрдем көрсете алады.

Облыстық ауруханаға мемлекет тарапынан да қолдау көрсетілуде. Жуырда осында 150 төсек-орынға есептелген провизорлық стационар ашылып, онда 150 оттегі концентраторын орнату көзделуде.

«Елімізде күн сайын індеттің белең алып бара жатқаны белгілі. Осы орайда әркім қолынан келгенін жасап, індетпен күреске үлес қосуы керек деп ойлаймыз. Біздің бұл ісімізді басқа да кәсіпкерлер қолдаса екен дейміз», деді Қанат Жанғазиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирусқа шалдыққан 92 науқастың ауыр халде жатқанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT