Оралда Қарттар күніне орай теміржол саласында қызмет еткен ардагерлерге сый-сияпат жасалды

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қазанның 1-і Қариялар күні қарсаңында Оралда теміржол саласында қызмет еткен ардагерлерге сый-сияпат жасалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ Орал тасымалдау бөлімшесінің директоры Дәулетбай Есімбековтің айтуынша, бөлімшеде қызмет атқарған 2200 зейнеткер бар. Солардың бәріне құрмет көрсетілді. Өткен жылы қарияларға 9 миллионнан астам теңгеге материалдық жәрдем беріліп, ардагерлер тіс салдырып, шипажайда демалып, басқа да көмектер алды. Биыл бұл мақсатқа 6 млн. теңгеге жуық қаражат жұмсалды.

Соңғы жаңалықтар