Оралда қарбыздан уланды деген күдікпен тағы үш бала ауруханаға жеткізілді

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралдағы жазғы лагерьлердің бірінде қарбыздан уланды деген күдікпен үш бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінен берілген мәліметке қарағанда, бүгін сағат 11:49-да «Самал-3» шағынауданынан шақырту түскен.

Балалар лагерінде қарбыздан уланды деген күдікпен 15 және 16 жасар үш қыз модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Оларға өткір гастроэнтероколит диагнозы қойылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, балалар кешеден бері ауырған.

«Оның алдында бірнеше бала туған күнін тойлаған. Сонда қарбыз, торт жеген. Тек үш қыз сырқаттанған. Жағдайлары қанағаттанарлық. Дәрігерлер ауруханаға жатқызуға көрсеткіш жоқ деп тапты», - деді А. Сақпосынова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда қарбыздан уланды деген күдікпен төрт баланың ауруханаға жатқызылғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар