+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Оралда қалалық саябақтағы аттракционнан 8 бала құлап кетті

2021 жылғы 3 мамыр 02:04
Бөлісіңіз:
Оралда қалалық саябақтағы аттракционнан 8 бала құлап кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы аттракционда әткеншектен сегіз бала құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда жүк көлігін соққан жүргізуші мерт болды ШҚО-да із-түссіз жоғалып кеткен ер адам табылды Бензин құйылған бөтелке ұстап, өзін өртемек болған атыраулық ұсталды

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 2 мамыр күні кешкісін болды.

«Жедел жәрдем сағат 19.36-да шақырылды. Барлығы 8 бала зардап шекті. Алдын ала мәліметке қарағанда, 2014 жылғы қыз баланың денесі, жіліншігі көгерген. 2016, 2013, 2011 және 2012 жылғы екі ұл, сондай-ақ 2012, 2013 жылғы қыз балалар жабық бас-ми жарақатын алып, милары шайқалған. Оған қоса 2011 жылғы ұл баланың жіліншігі сынған. Бәрі де облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 6 жасар қыз баланың токка түсіп, көз жұмғанын жазған болатынбыз.


Иллюстрациялық фото


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT