Оралда қала сыртындағы саяжайларға автобустар қатынай бастады

None
None
ОРАЛ. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Көктем келіп, бау-бақша жұмыстары басталуына байланысты 16 сәуірден Оралдағы  қала сыртындағы саяжайларға автобустар қатынауда.

Жолаушы тасымалдаушылардың уәжіне қарағанда, қазір жол жүрудің өзіндік құны 200 теңгені құрауда. Биыл шығынның бір бөлігі қалалық қазына есебінен өтелмек. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі бөлімінен хабарлағанындай, бұл мақсатқа бюджеттен демеуқаржы бөлу жағы да қарастырылуда. Сондықтан жолақы 55 теңгеден аспайды. Сондай-ақ жағымды жаңалық - Казинск мен Барбастау саяжайларына адамдар баржа арқылы бара алады. Осы жылы суару күндері саяжайға қатынау тегін болмақ.

Саяжайлық автобустар қазан айының орта шеніне дейін қатынап тұратын болады.

Соңғы жаңалықтар