Оралда қала күніне орай Депо көпірі ашылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда қала күніне орай Депо ауданындағы көпір ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Мұрат Мұқаевтың айтуынша, Елбасы тапсырмаларына сәйкес облыс орталығында көптеген жұмыстар қолға алынуда. Соның бірі - осы нысан.

Депо көпірі 1965 жылы салынғаннан бері еш жөндеу көрмей, әбден тозығы жеткен болатын. Сондықтан 2016 жылдың наурызынан оны бұзу жұмыстары қолға алынып, маусым айында құрылысы қолға алынды. Екі жылға есептелген күрделі жөндеу жұмысы алты ай бұрын аяқталды.

Көпір «ҚПО б.в.» компаниясының қаржысына салынды. Жоба құны - 2,3 млрд теңге. Мердігері - «КА-СТРОЙ ЛТД» компаниясы. Нысанды салуға сексеннен астам адам, 30 техника тартылды. Құрылысқа отандық өндірушілердің материалдары пайдаланылды.

Әкімнің сөзіне қарағанда, көпір өткелінің жалпы ұзындығы 536 метр, кіреберіс жолдарымен 628 метрге жетеді. Құрылыс аяқталған соң көлікке арналған жол 7,5-тен 14 метрге, тротуардың ені 1 метрден 1,5 метрге, көпірдің жалпы жалпақтығы 12 метрден 20 метрге дейін ұлғайды. Бұрын жол қос жолақты болса, қазір төрт жолақтыға айналып,18 жарық бағандары орнатылды, Былайша айтқанда, көлік өткізу мүмкіндігі екі есеге  өсті.
null 

2000 жылы Орал қаласының халқы 210 мың болса, күні бүгін 330 мыңға жетті. Соған сәйкес көлік саны да көбейіп отыр.

Жыл соңына дейін «Омега» зауыты ауданындағы көпір де бұзылатын болады. Бұл көпір құрылысы келесі жылы көктемде басталады.

Айта кетейік, апта бойы Оралда қала күніне арналған шаралар өтуде.

 

Соңғы жаңалықтар