Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жоғалған әйелдің мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисеновтің айтуынша, марқұмның мүрдесі түнде табылған. Қазіргі кезде оны өлтірген күдікті анықталып, ұсталды.

«Күдікті уақытша оқшаулау изоляторына қамалып, ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Н.Бисенов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда із-түзсіз кеткен Жанаргүл Нұрғазиеваның іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар