+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Оралда із-түзсіз кеткен әйелдің денесі орманнан табылды

2021 жылғы 25 қазан 11:30
Бөлісіңіз:
Оралда із-түзсіз кеткен әйелдің денесі орманнан табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен әйелдің мүрдесі орманнан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да жоғалып кеткен ер адамның денесі Жайық өзенінен табылды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 58 жастағы Дина Станько биылғы 24 тамызда шамамен сағат 17.00-де үйінен шығып кеткеннен оралмаған болатын.

Оны іздестіруге қалалық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Оралдағы бейнебақылау камералары қаралып, тұрғындарға сұрау салынды.

Куәгерлердің сөзінен әйелдің Желаев кенті жаққа кеткені белгілі болды. Ол маң да қаралды.

Дүкен қызметкері, 1967 жылғы тұрғын Желаев кенті ауданындағы орманнан саңырауқұлақ жинап жүрген кезінде әйелдің бас сүйегі мен мүрде қалдықтарын тапты.

Полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, сүйек қалдықтары сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Сараптама қорытындысына сәйкес өлімнің себебі анықталады.

Марқұмның туыстары оқиға болған жерден әйелдің киімдерін таныды.

Сонымен қатар әйелдің сіңлісі мен оның тістерін емдеген стоматологтармен бірге тістері алынып, зерделенді.

Сол кезде жоғалған әйел мен табылған мүрденің тістері бірдей болып шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жол апатынан автокөлік ішінде екі адамның жанып кеткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ БҚО-да әкелі-балалы екеу балық аулап жүріп, суға батып кетті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT