Оралда із-түзсіз кеткен 23 жастағы қыздың мүрдесі табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда жоғалған қыздың мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 24 қыркүйек күні полиция қызметкерлері 1995 жылы туған бойжеткенді өлтірген күдікті ретінде 1986 жылғы ер адамды анықтап, ұстады.

Орал қалалық ішкі істер басқармасы осы оқиға бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес (кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Айта кетейік, 23 жасар Карина Дустанова 17 қыркүйек күні хабар-ошарсыз кеткен. Сол күні кешке ол Оралдан Ақсайға баруға тиіс еді, бірақ содан кейін байланысқа шықпаған. Каринаны тума-туысқандары әлеуметтік желі арқылы да іздестірген болатын. 

null 

Соңғы жаңалықтар