18:44, 06 Қыркүйек 2019 | GMT +6
Оралда із-түзсіз кеткен 18 жастағы жігіт үш күннен бері табылмай жатыр
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда үш күннен бері 18 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 2001 жылғы Бекарыс Тұрарбекұлы 3 қыркүйек күні жоғалып кеткен.
4 қыркүйек күні оның туыстары полицияға хабар берген. Қазіргі кезде жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, Бекарыс Бөкей ордасы ауданының Әжен елді мекенінде туып-өскен. Өткен жылы Мұратсай ауылында мектеп бітірген. Жалғызбасты ана баласын үш күннен бері таппай отыр.
Көрген-білген адам болса, 8-705-433-10-17 телефонына хабарласа алады.