Оралда із-түзсіз кеткен 16 жасар студент табылды

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жоғалып кеткен 16 жасар жасөспірім аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Нұрислам Сағындықов жергілікті сағат 19.45-те қалалық мәдениет және демалыс саябағында жүрген жерінен табылды.

«Аталған жасөспірім қыдырып жүргенде, ұялы телефонының батареясы отырып қалған. Оның өзімен және ата-анасымен әңгімелесу жүргізілді», деп хабарлады ведомстводан.

Осылайша, бүгін таңнан бері хабарсыз кеткен Нұрислам кешкісін табылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен 16 жасар бозбаланың іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар