Оралда із-түзсіз кеткен 15 жастағы жасөспірім табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жоғалған 15 жастағы жасөспірім табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 2004 жылғы Жандос Темірғалиев 14 мамыр күні сағат 14.00 шамасында Теректі ауданы Подстепный ауылындағы №1 мектептен шыққаннан қайта оралмаған болатын.
Іздестіру шаралары барысында жасөспірімді біреулер 14 және 15 мамыр күндері Оралдағы қалалық мәдениет және демалыс саябағы маңында көргені белгілі болды.
«Жандосты бүгін сағат 13.00 шамасында Теректі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері сол саябақ маңынан тапты. Қазіргі таңда оның жоғалып кету себептері анықталып жатыр», деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен 83 жастағы қарияның мүрдесі табылған еді.
- Ұрлықы гүлді сыйлаған: Жетісуда 59 жастағы ауыл тұрғыны гүл ұрлағаны үшін ұсталды
- Шығыс Қазақстанда асыл тұқымды мал тиелген көлік жолдан шығып кетті
- Ақтауда бронхит дертімен ауруханада жатқан 14 жасар бала комаға түсіп қалды
- Алматыда 67 жастағы әйел мен баласы қандала өлтіретін құралдан уланып қалды
-
Қапшағайда 300 келі балықты заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды
-
Ақмолада боранда адасып кеткен малшы табылды, тағы 4 адам іздестіріліп жатыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам