Оралда инновациялық білім мәселелеріне арналған аймақтық дөңгелек үстел отырысы болды

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде қарашаның 9-ында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде оқыған дәрісін талқылауға арналған «Инновациялық білім беру - бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың кепілі» атты аймақтық дөңгелек үстел отырысы өткізілді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш университет ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Қазыбай Бозымов Елбасы дәрісіне байланысты оқу орнында шаралар жалғасып отырғанын атап өтсе, Қазақстан тарихы және философия кафедрасының профессоры Тілекжан Рысқалиев өз баяндамасында оқытушылардың жаңашылдықпен жұмыс істеуі қажеттігіне тоқталды. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты экономика және құқық негіздері кафедрасының меңгерушісі, доцент Ұбайдолла Мәмбетов инновациялық экономиканың негіздерін баяндаса, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ кәсіптік білім кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев бәсекеге қабілетті интеллектуалды ұлт келешегін тәрбиелеудің алғышарттары жөнінде әңгімеледі.

Соңғы жаңалықтар