Оралда ГАЗель жүк көлігі жанып кетті

Фото:
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында «ГАЗель» жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 наурыз күні Абай даңғылы бойында болды.

«Сағат 09.27-де «Сити центр» сауда үйі маңында «ГАЗель» автокөлігі отқа оранды. Өрт сөндірушілер келіп жеткенде, жүк көлігінің мотор бөлігі мен салоны жанып жатқаны анықталды. Автөкөлік газбен жабдықталмаған. Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жау» сағат 09.40-та ауыздықталды. Өрт автомобильдің техникалық істен шығуынан тұтанған. БҚО ТЖ департаменті жүргізушілерге өз көлігінің техникалық жай-күйін мұқият қарап, өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау керектігін еске салады», деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, жыл басынан бері осымен өңірде 17 автокөлік өртенді.


Соңғы жаңалықтар