Оралда газ жарылысынан күйік шалған жігіттің біреуі көз жұмды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда газ жарылысынан күйік шалған жігіттің біреуі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, 21 жастағы жігіт бүгін таңмен ауруханада көз жұмды.

«2002 жылғы жігіт жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. 21 жастағы үшінші жігіт хирургиялық бөлімшеде, жағдайы орташа ауыр деңгейде», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, зардап шеккендердің бәрі де Тәжікстаннан келіп, сол үйде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар көрінеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тұрғын үйде газ жарылып, үш адамның ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар