Оралда «Ғалам құпияларынан сыр шертетін картиналар» атты «дөңгелек үстел» өтті

None
None
ОРАЛ. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Оралдағы С.Ғұмаровтың мұражай-үйінде «Ғалам құпияларынан сыр шертетін картиналар» атты дөңгелек үстел отырысы болды.

Онда бас қосқандар белгілі суретші Сәкен Ғұмаровтың ғарышпен байланысты арқау еткен картиналарын талқылады. «Рухани дәуір» орталығының төрағасы Амангелді Дүйсенәлиев, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Қуандық Мәдір суретші туындылары жөнінде өз пікірлерін білдірді. Отырысқа студенттер мен оқушылар, соның ішінде болашақ суретші, графика, дизайн мамандары қатысып, қызығушылықтарын танытты.

Суреттері кеңінен танымал Сәкен Ғұмаровтың (1937-1995) туғанына биыл 75 жыл толмақ.

Соңғы жаңалықтар