Оралда Ғ.Құрманғалиевтің 100 жылдығына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіліп, дәрісхана ашылды

None
None
ОРАЛ. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде атақты әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдығына арналған «Ғ.Құрманғалиевтің музыкалық-педагогикалық мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған орай университет ректоры, тарих ғылымдарының докторы, академик Тұяқбай Рысбеков баяндама жасаса, белгілі әнші, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан, Алматыдан келген ғалым, өнертану ғылымдарының докторы Сара Күзембай Ғарекеңнің шығармашылығы туралы өз ойларын білдірді. Бұл ретте Ғ.Құрманғалиевтің тек Мұхит мұрасын алға апарушы ғана емес, сонымен қатар опера өнерін дамытуға да қосқан үлесі мол екендігі атап өтілді.

Бұл күні сондай-ақ аталмыш университетте Ғ.Құрманғалиев атындағы дәрісхана ашылды.

Соңғы жаңалықтар