Оралда «Еуропа» кафесі өртенді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Орал қаласында «Еуропа» кафесі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқанованың айтуынша, 7-шағынауданда орналасқан «Еуропа» кафесінің төбесі жанып жатқаны жөнінде хабар 25 мамыр күні сағат 20.53-те түскен.

Аумағы 150 шаршы метрді қамтыған өртті сөндіруге өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен 25 адам мен 11 техника жұмылдырылды.

«Тілсіз жау» 22.46-да ауыздықталды.

Зардап шеккендер жоқ.

null

null

Соңғы жаңалықтар