Оралда эскалатордан құлап кеткен тоғыз айлық сәби көз жұмды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында эскалатордан құлап кеткен тоғыз айлық сәби көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, дәрігерлер алған шараларға қарамастан, сәби 19 наурыз күні есін жимастан қайтыс болды.

Аталған сәби 13 наурыздан бері қалалық көпбейінді ауруханада жасанды тыныс алу аппаратына қосулы болды. Жағдайы өте ауыр болғандықтан, ота жасалған жоқ.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы оқиға бойынша барлық ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді. Ақпарат тек жәбірленуші тараптың рұқсатымен жария етілуі мүмкін.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тоғыз айлық сәбидің эскалатордан құлап кеткенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар