Оралда есірткі сатумен айналысқан күдікті ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында есірткі сатумен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 1 ақпан күні шамамен сағат 18.30-да орын алды.

Жедел іздестіру шаралары барысында департаменттің есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері Ж. деген тұрғынды қолға түсірді.

Одан 60 грамнан астам марихуана тәркіленді.

Күдіктіні ұстауға оның іс-әрекетін шектеу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында арнайы мақсаттағы бөлініс жауынгерлері де қатысты.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігіне ( ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар