Оралда ер адам велосипедтен құлап, көз жұмды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында ер адам велосипедтен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 10 маусым күні таңмен болды.

«Шамамен таңғы сағат 07.00-де велосипедпен келе жатқан 62 жастағы ер адам құлап, мерт болды. Оның құлап жатқанын көрген адамдар жедел жәрдем шақырған. Алдын ала мәлімет бойынша 1959 жылғы ер адам жүрек талмасынан қайтыс болған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасады», деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жүк пойызы қағып кеткен ер адамның ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Орал-Ақсай жолында полиция қызметкері мерт болды.





Соңғы жаңалықтар